Ғафу Қайырбеков атындағы № 2 мектеп- гимназиясында 26 ақпан күні мектепішілік “Жас маман - 2022” байқауы өз мәресіне жетті. Байқауымыздың қонағы ретінде қазақ халқының ертеден келе жатқан мұң-мұқтажы, тарихы, дәстүрі көрсетілген Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков және “Bilim -orkenieti” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының басшысының орынбасары Набиев Саят Талғатұлы қатысты. Байқауға қатысқан жас ұстаздар өз бақтарын сынады. “Біздің күшіміз – бірлікте» демекші соңғы зияткерлік байқауда сайыскерлеріміз өздерін тағы бір қырынан таныта білді. Атап айтар болсақ зеректігін, жан-жақты екендігін көрсетті.
Нәтижесінде бас жүлдені қанжығасына байлаған мектебіміздің математика пәні мұғалімі бағы мен бабы шауып Ляззат Меңлібекқызы иеленді.
?орын Айханым Русланқызы
?орын Гүлстан Жақсылыққызы
? орын Асемғазы Елубайұлы
Сайыскерлерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! Биылғы байқаудың тағы бір ерекшелігі сайыскерлерімізді “Bilim-orkenieti” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының төсбелгілерімен марапатталып, сыйлықтар табысталды.
https://www.instagram.com/tv/CagRUCvI5n1/?utm_medium=copy_link