Мектебімізде 12-13 қыркүйек күндері ата- аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында 2022-2023 оқу жылының басталуына және оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы айтылды. Сонымен қатар оқушы мен ата-ананың міндеттері, жүктелетін жауапкершілігі де айтылды. Жиналысқа қатысқан ата-аналар көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алып, жиналыс сәтті өтті.