Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысының
№1 хаттамасы
Өткізілген уақыты: 05.09.2021ж.
Өткізілген орны: Акт залы
Отырыстың басталуы: 19.00 сағ.
Отырыстың аяқталуы: 20.00 сағ.
Отырыстың төрағасы: Искаков Б.М.
Қатысқандар: Мектеп директоры –Нугуманов С.Б, мектеп әкімшілігі, мектептің ата-аналар комитетінің төрайымдары, ата-аналар комитеті мүшелері
Күн тәртібінде:
1.2021-2022 оқу жылының оқыту процесін ұйымдастыру
Т. С. Сейдахметова
2.«Мектепке жол» акциясының өту барысы
Б. А. Абдульманова
3. Оқытудың жаңартылған мазмұны
(«Күнделік» электронды мектеп журналдарын жүргізу, критериалды бағалау жүйесі туралы, қосымша білім беру ерекшеліктері) аясында ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы
А. Ж. Ниязбекова
Тыңдалды:
1. Бірінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Т. С. Сейдахметова сөз алды. Тыныс Серғазықызы ата-аналардың назарын 2020-2021 оқу жылындағы ерекшелітер мен өзгерістерге аудартты. Ең алдымен, үлгілік оқу жоспарларына тоқталды. 1-4 және 5-10 сыныптар «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығы (2021 жылғы 26 наурыздағы №125 бұйрықпен толықтырулар мен өзгерістер енгізілген) жаңартылған мазмұнның)үлігілік оқу жоспарымен білім алса, 11 сыныптар төмендетілген оқу жүктемесімен білім алады.
Екнішіден, сабақтар 45 минутқа ұзартылды. Үшіншіден, мектеп бағдарламасына жаңа курстар енгізілді. Атап айтқанда:
- 5-сыныпта «Парасаттылық және әдеп»;
- 6-сыныпта «Экология»;
- 7-сыныпта «Эмоционалды интеллект және сыни ойлау»;
- 8-сыныпта «Медиасауаттылық»;
- 9-сыныпта «Зайырлылық және дінтану негіздері»;
- 10-11-сыныптарда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» жатады.
Сонымен қатар, баяндамашы оқу аптасының ұзақтылығы мен каникул күндерін де атап өтті және қырқүйек айының 8-15 аралығында барлық пәндер бойынша білім алушылардың біліміне бақылау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлады.
2.Екінші мәселе бойынша, мектептің әлеуметтік педагогы Б. А. Абдульманова сөз алды. Бикон Амангельдиновна ата-аналарды 1 тамыз бен 28 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясын өткізу мен ұйымдастырылуы бойынша бұйрықпен және жұмыс жоспарымен таныстырды. Сонымен қатар, айлық барысында демеушілер, ата-аналар қоғамдастығының белсене ат салысуларын (азқамтылған, жайсыз отбасы, көпбалалы отбасылар, сол сияқты жетім және мүгедек тобындағы балаларға әлеуметтік көмек берілді) сұрады және Білім Басқармасының кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау департаменті үлкен қолдау көрсетіп, азқамтылған отбасындағы балаларға көмек көрсету үшін демеушілермен бірігіп, қайырымдылық іс-шаралар өткізгендігін атап өтті.
3.Үшінші мәселе бойынша, директордың ақпаратандыру жөніндегі орынбасары А. Ж. Ниязбекова сөз алды. Айгерим Жарылкасыновна «Күнделік» электронды журналының қолдану бойынша ата-аналарға нұсқаулықтар бере отырып, қолдау аясы жайында кеңестер берді. Сонымен қатар, «Күнделік» электронды журналына енген жаңалықтармен бөлісіп, ата-аналардың қойған сауалдарына жауап берді.
Шешім:
1. 2021-2022 оқу жылы белгіленген оқу жоспары мен жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырлысын.
2. «Мектепке жол» акциясы жоспарға сай өткізіліп, қамқорлықты қажет ететін барлық отбасыларына демеушілік көмек көрсетілсін.
3. «Күнделік» электронды журналының толық қанды жұмысына, күнделікті пайдаланылуына ата-аналар белсене ат салыссын.
Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысының
№2 хаттамасы
Өткізілген уақыты: 25.02.2022ж.
Өткізілген орны: Акт залы
Отырыстың басталуы: 19.00 сағ.
Отырыстың аяқталуы: 20.00 сағ.
Отырыстың төрағасы: Искаков Б.М.
Қатысқандар: Мектеп директоры –Нугуманов С.Б, мектеп әкімшілігі, мектептің ата-аналар комитетінің төрайымдары, ата-аналар комитеті мүшелері
Күн тәртібінде:
1.Директордың 2021 жылғы бюджеттің игерілуі туралы есебі
С. Б. Нугуманов
2. Директордың оқу жұмысы бойынша орынбасарының бірінші жарты жылдық есебі
Т. С. Сейдахметова
3.Директордың ғылыми жұмысы бойынша орынбасарының жарты жылдық есебі
А. Ч. Отарбеков
4.Директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасарының жарты жылдық есебі
А. К. Муратбекова
Тыңдалды:
1.Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры С. Б. Нугуманов ата-аналарға 2021 жылғы бюджеттің игерілуі бойынша есеп берді. Сырым Ботақанұлы өз сөзінде 2021 жылы бюджет 758 384 мың теңгені құрағанын, оның ішінде 2820,0 мың теңге канц товарлар, шаруашылық товарларына жұмсалған, 14 914,0 мың теңге ғимаратты қамтамасыз етуге, жөндеу жұмыстарына, оргтехниканы жөндеуге, мақтау қағаздарын әзірлеуге, пластик терезелерді қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалған. Сонымен қатар бөлінген қаржы ғимараттың жылу, жарық жүйесінің, интернет, телефон желіліерін төлеуге, оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге, www.academia.kz білім порталының қызметіне төленген. Тағы бір атап өтетіні 1675,0 мың теңге күнкөрісі төмен отбасыларына және 5800,0 мың теңге жетім балаларға көмек көрсетуге бөлінген.
2.Екінші мәселе бойынша, директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары Т. С. Сейдахметова сөз алды. Өз кезегінде Тыныс Серғазықызы оқу жылының 1-жарты жылдығы бойынша әр буын бойынша сыныптардың білім сапасына тоқталды. Бірінші жарты жылдық бойынша мектептегі оқушылардың саны-1768, оның ішінде қазақ сыныбында 717, орыс сыныныптарында -1051 бала білім алады. Мектеп бойынша білім сапасы – 48,35 пайызды құрайды. Бастауыш 1-4 сынып бойынша-48,61, 5-9 сыныптар бойынша-38,06, жоғарғы буын бойыннша- 48,35 пайыз. Озат оқушылардың саны-136.
3. Үшінші мәселе бойынша директордың ғылыми жұмысы бойынша орынбасары Отарбеков А. Ч. жарты жылдық есебі тыңдалды. Адил Чинарбекович оқу жылының 1жарты жылдығында оқушылардың қатысқан ғылыми жобалар және пәндік олимпиадаларының нәтижесімен таныстырды.
«Зерде» ғылыми жобалар байқауыда 6 оқушы, Юнор олимпиадасынан 6 оқушы, пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінен 18 оқушы нәтиже көрсеткен. Оның ішінде 10 оқушы жүлделі орынға ие болып 8 оқушы грамотамен марапатталған.
Төртінші мәселе бойынша директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары А. К. Муратбекова есеп берді. Баяндамашы 1 қыркүйектен бастап өткізілген атаулы күндердегі іс-шараларға тоқталып өтті. Атап айтқанда: «Білім күні», «Тілдер мерекесі», «Отбасы күні», «Қарттар күні», «Қомқоршылар күні», «Мұғалімдер мерекесі», «Тұңғыш президент күні», «16 желтоқсан -Тәуелсіздік күні». Барлық атаулы күндер өз дәрежесінде аталып қтілген, әсіресе 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған: «Менің Туым-менің Қазақстаным» челленджі, Желтоқсан оқиғасының қатысушыларымен өткізілген кездесуге ерекше мән берілген. Сонымен қатар мектептің оқушылар кеңесі сайлауы, салауатты өмір салтына байланысты т.с.с. өткізілген іс-шаралар аталып өтілді. Сонымен қатар түрлі қалалық, республикалы, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары аталып өтілді.
Шешім:
1. 2022 жылға бөлінген бюджет мектептегі ең маңызды бөлімдерді қамтып, орынды жұмсалсын.
2. Оқу ісінде 1-жарты жылдықтағы кемшіліктердің орны толтырылып, білім сапасын жоғарлату мақсатында ата-аналар тарапынан да балаларды бақылау күшейтілсін.
3. Оқушыларды ғылыми жобалар мен олимпиадаларға дайындау жұмыстары сапалы жүргізілсін.
4. Мектепішілік іс шаралардың ұйымдастырылуы оң жалғасын тауып, атаулы күндер жоғары дәрежеде ұйымдастырылсын.
Құрметті ата- аналар!
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды egov.kz арқылы және мектеп порталы «Сакура» арқылы беруге болады:
Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
«Бала денсаулығы паспорты»;
3х4 көлеміндегі 2 фото. Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.
Өтініш, бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.
Төрайымы:Батырханова Маншук Абдыламитовна
тел:87781172874, 50-16-31
Құрметті бірінші сынып оқушылары!
Сіздерді Ғафу Қайырбеков атындағы #2 мектеп-гимназиясы және Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасымен бірлесіп бастаған «Көлеңке театры» байқауына қатысуға шақырамыз??
Байқау шарттары:
1. Сайысқа қатысуға қала мектептерінің 1-сынып оқушылары шақырылады.
2. Шығармадан үзінді / диалог таңдау
3. Бейнежазбаның ұзақтығы 2-3 минуттан аспау керек
4. Жұмыс 25-85 МБ аспауы керек.
Байқау жұмыстарын қазылар алқасы бағалайды. Қазылар алқасының құрамын байқаудың құрылтайшылары бекітеді.
? Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталады. Дипломдар жұмыс қабылданған электрондық поштаға жіберіледі.
?Жұмыстар Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасы арқылы қабылданады. Конкурс туралы барлық ақпарат сайттағы профиль сипаттамасында таба аласыздар.
Бірінші сынып оқушыларына сәттілік тілейміз!?
@2_school_nursultan
@kitap_kala
@ns.madeniet
@madibaeva68