Семинар "Біздің бала бірінші сыныпта"

Құрметті достар!

Мектебімізде бірінші сынып оқушыларын мектепке бейімдеу бойынша ата-аналарға психологиялық көмек беру арқылы отбасы мен мектептің белсенді ынтымақтастығын нығайту мақсатында 16 қыркүйек күні бірінші сынып ата-аналары үшін «Үлгілі ата-ана мектебі: « Біздің бала бірінші сыныпта» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Семинар барысында мектеп психологтары 1-сынып оқушысында кездесетін қиындықтар және олардың алдын алуға байланысты пайдалы кеңестермен бөлісті.