Заманауи сабақты дайындауға арналған мұғалімнің сандық құралдары

 

Мектебімізде 1-қараша күні “Заманауи сабақты дайындауға арналған мұғалімнің сандық құралдары” тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинар барысында жас мамандар заманауи педагогтерге қойылатын біліктілікті арттыру жолындағы қажетті жаңа құралдармен танысып, тәжірибе алмасты. Семинар соңында padlet.com тақтасы арқылы кері байланыс орнатылып, келген жас мамандар семинар мазмұнының пайдалы болғандығы туралы пікірлерін білдірді.