Ғ.Қайырбеков атындағы 2 мектеп-гимназиясының ұлықтау рәсімі

 

Дәстүрге сәйкес Ғ.Қайырбеков атындағы 2 мектеп-гимназиясында өзін-өзі басқару ұйымының президенті мен парламент мүшелерін ұлықтау рәсімі өтті. Мектеп президенті болып 9-сынып оқушысы Каяджи Анелья сайланды. Мектеп президенті алдағы уақытта жұмыс істейтін парламент мүшелерімен және мектеп белсенділерімен таныстырды. Шараның басында мемлекет әнұраны шырқалды. Мектеп президентінен ант қабылдау рәсімі өтті және мектеп президенті алдағы уақытта орындайтын жұмыс жоспарымен таныстырды.