4-11 сыныптарының оқушылардың арасындағы пәндік олимпиада

 

Мектебімізде 4-11 сынып оқушылары арасында олимпиданың мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың пәндік білімдерін тереңдету, оқушыларды қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларға дайындық жұмыстарын пысықтау. Мектепішілік олимпиадаға барлығы 343 оқушы қатысты. Мектепішілік олимпиада барысында әрбір оқушының білім деңгейлері таразыланып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” оқушылар бақтарын сынасты. Олимпиада қорытындысы бойынша әр пәннен озық шыққан оқушылар іріктеліп аудандық пәндік олимпиадаға қатыса алады.