2022 жылдың 12 қараша күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді. Пәндік олимпиадаға мектебіміздің оқушылары да қатысып өзара бақ сынасты. Нәтижесінде мектебіміз үздік көрсеткіш көрсетті. Жеңіс тұғырынан көрінген оқушыларды мектеп директоры Сырым Ботаханұлы құттықтап, алдағы уақытта қалалық кезеңде сынақтан сүрінбей өтулеріне сәттілік тіледі.