Кітаптарының авторы Айзада Рахымжановамен кездесу

 

Тәуелсіздік күнінің қарсаңында мектебімізде ақын, журналист, “Меруерт-моншақ”, “Біз екеуміз” кітаптарының авторы Айзада Рахымжановамен кездесу ұйымдастырылды. Тәуелсіздіктің қадірі мен құны жайлы, ұлттық құндылықтар жайлы, әдебиет пен поэзияның жастар арасындағы алар орны мен маңызы жайлы тұшымды әңгімелер айтылды. Оқушылар өзін қызықтырған сұрақтарын қойып, ақынның өлеңдерін оқып, белсене қатысты. Кеш соңында Айзада Рахымжанова оқушыларға өз кітаптарын сыйға тартты.