05.01.2023ж Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында № 2МГ,62МЛ, 80МГ серіктес мектептер арасында өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Заманауи сабақты дайындауға арналған мұғалімнің цифрлық құралдары» атты конференция болып өтті. 2сағатқа созылған конференция жұмысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, сабаққа деген қызығушылығын, шығармашылық қабілетін дамытатын Quizizz, Learningapps, Matatalab, CLIL, Coogle Create ,Kahoot ,Wordwall, Padlet сияқты сандық құралдарды пайдалану жолдары көрсетілді.