26 қаңтар күні «Жас мамандар» мектебі тәлімгерлерінің І жарты жылдық есебін тыңдау отырысы өткізілді. Отырысқа 11 тәлімгер қатысты. Отырыс барысында тәлімгерлер 2022-2023 оқу жылының бірінші жарты жылдығында жас мамандармен атқарған жұмыстарымен және осы жарты жыл ішінде тәлімгерлер нені үйренгендігі туралы, қандай ілгерлеушіліктер болғаны туралы айтып өтті. Сонымен қатар алдағы уақытта өтетін «Жас мамандар» апталығы мен форумының жоспары талқыланды.