Ғ.Қайырбеков атындағы 2 мектеп-гимназиясында Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында жасына қарамастан барлық қазақстандықтардың қатысуымен "Еркін ел ұрпағы" жалпыұлттық патриоттық диктант жазу іс-шарасы 4-мамыр күні сағат 11.00 өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты: Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу,ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу. Біздің мектебізде жалпыұлттық патриоттық диктант жазуға 519 оқушы, 50 мұғалім қатысты.