«Мектепке жол» акциясы.

 

«Мектепке жол» акциясы. Жыл сайынғы дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы «Мектепке жол». Акциянык мақсаты: азқамтылған, көп балалы отбасылардан, шыкқан оқушылара, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық және басқа да көмек көрсету және балалардың әлеуметтік себептермен мектепке бармауының алдын алу. Біздің әрқайсымыз халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларды мектепке дайындауда, оның мектепке барар жолы ең жақсы және бақытты болуы үшін әр балаға көңіл бөлу және шынайы қамқорлық жасауда жан- жақты атаулы көмек керсетуде азаматтық белсенділік таныта аламыз! Баршаңызды акцияның белсенді қатысушысы болуға шақырамыз ! №2 МГ қаламыздың барша азаматтарын, кәсіпкерлерді, меценаттарды акцияға қосылып, қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге өз үлестерін қосуға шакырады. Акцияға қосылғысы келетіндер №2 МГ хабарласуларын сұраймыз.

Құрметпен, № 2 МГ әкімшілігі.