🎊Жаз маусымының алғашқы күні, яғни 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні. Балалар үшін қуанышты мерекеде “Дар” қайырымдылық қорының көмегімен мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында балалар флешмоб билеп, асфальтқа суреттер салды. Мерекенің шырайын келтірген ертегі кейіпкерлері балаларға қызықты ойындар ойнатты.
🥳 Іс-шара соңында барлық балаларға дәмді балмұздақ таратылды.