Отбасы күні апталығында 4 күні мектебімізде “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Әжемнің ертегісі” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оқушыларды рухани құндылықтарға, қазақы дәстүрге, адалдыққа,жалпы жақсы қасиеттерге баулу мақсатында мектебіздің оқушыларына ардақты әжеміз келіп ертегі, аңыз әңгімелер айтып берді.
Сонымен қатар оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көпшілік алдында сөйлеу мәнерін қалыптастыру мақсатында READx жобасы өткізілді. Жобаға қатысқан оқушылар өздерінің оқыған қызықты кітаптарының мазмұнымен бөлісті.