«ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» тақырыбында Fail конференциясы.

16-қыркүйек күні мектебімізде "Отбасы күні" жоспарына сай «ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» тақырыбында Fail конференция өтті.

Конференция барысында АТА-АНАЛАР СПИКЕР ретінде бала тәрбиесіндегі олқылықтарды жеңу жолдары, отбасы құндылығын нығайту, сынып ішіндегі мәселелер туралы еркін тақырыпта әңгіме жүргізді. Мектебіміздің ата-аналары тағылымға толы құнды ақпараттармен бөлісіп, ортақ пікір алмасты. Бала тәрбиесіндегі ана мен әкенің рөлі, кәсіптік бағдар беру тағы да басқа тақырыптарда сөз қозғап, бала тәрбиесіндегі өз тәжірибелерімен бөлісті.