"Ұлағатты ұстаз - қоғам тірегі”

Мектебімізде ұлық та, ұлағатты ұстаздар мерекесіне орай ұйымдастырылған "Ұлағатты ұстаз - қоғам тірегі” атты мерекелік шара өткізілді.

Шара барысында ұстаздарымыз құрмет грамотасы және алғыс хаттармен марапаттады. Мектеп оқушылары өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетіп, ұстаздарға арналған жылы тілектері мен алғыстарын білдірді.