“Алтын күз”

Мектебімізде оқушыларға күз кереметтерін көрсету, оқушылардың бойына сахналық мәдениетті қалыптастыру мақсатында 1-сынып оқушылары арасында “Алтын күз” мерекелік іс-шарасы өткізілді. Мерекелік іс-шара барысында оқушылар белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар мерекелік іс-шараға қатысқан ата-аналарды бүлдіршіндерінің өнерлері тәнті етті.