«Аэропорт»

Мектебімізде “Ағылшын тілі кафедрасы” апталығының ашылу салтанаты өтті. Апталықтың мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен тілін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Іс-шара барысында «Аэропорт» әдісін қолдана отырып, ағылшын мұғалімдері борт серігі ретінде киініп, оқушыларға жайлы атмосфера қалыптастырды. Оқушылар мен ұстаздарға “Walking dictionary” әдісі арқылы түрлі сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендері үшін арнайы сыйлықтарға ие болды.