Мектебімізде ұлттық құндылықты насихаттау, қазақтың салт-дәстүріндегі ұлттық өнегені оқушылар бойына дарыту мақсатында қыркүйек айынан бастап әр аптаның жұма күні – Ұлттық киім күні деп жарияланды.
Осы күні оқушылар мен мұғалімдер ұлттық стильдегі камзолдар, шапандар, ұлттық бас киімдер тағып келуді дәстүрге айналдырды. Осындай жақсы бастаманың жалғасын тапқанына дәстүрімізге сай, ұлттық киімдерімізді ұлықтасақ, тарихымыз ешқашан жойылмайды.