02.11.2023жылы мектебімізде "Шебер мұғалім – сапалы сабақ" атты білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуде, оларды шығармашылық әрекетке баулуда білім беру саласындағы инновацияларды, озық педагогикалық тәжірибені зерттеп, жинақтап, таратуда кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру ісіне нақты әдістемелік көмек көрсету мақсатында коучингтер мен шебер-сыныптар ұйымдастырылды.Мұғалімдер белсене атсалысып,тәжірибе алмасты. Өткізілген іс-шаралардың ұстаздар шеберлігін арттыруда маңызы зор болды.