Табыстар

📈Әрбір атқарылған жұмыстың өлшемін, еңбектің нәтижесін, яғни 2023 жылда атқарылған жұмыстар мен жеткен жетістіктерге қысқаша тоқталып өткенді жөн көрдім. Қазіргі таңда мектеп қaбырғасында 1800 oқушы білім алуда. Биыл ғы оқу жылында мектеп бітіруші 87 түлекке жалпы орта мектепті бітіру аттестаты тапсырылып, 5 оқушы «Алтын белгі», 6 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері атанды. Бұл біз үшін жоғары көрсеткіш. Себібі, жыл сайын «Алтын белгі” иегерлері саны да артып, өз білімдерін дәлелдеуде. 📊Мектепте 123 педагог қызмет етеді. Жаңашылдық – бүгінгі күннің басты талабы демекші биылғы оқу жылында барлығы 70 ұстаз біліктілігін арттырды. Биылғы оқу жылында 31 мұғалім аттестациядан өтуге өтініш беріп, өздерінің санаттарын көтерді. Ең бірінші мектебіміз үшін үлкен жетістік мемлекеттік аттестациядан өтіп, АТТЕСТАТТАЛДЫ. 📚Жас ұрпақты тәрбиелеп білім беру жолында өз еңбектерін заман талабына сай ғылыммен ұштастыра білетін, жан-жақты ғылыми ізденісте жүрген ұлағатты ұстаздарымыз бен оқушыларымыздың жетістіктері ұшан теңіз. Биылғы оқу жылында 2-11-сынып оқушыларының арасында аудандық, қалалық, республикалық, халықаралық олимпиада, басқа да байқауларға қатысқан 505 оқушының жүлдегер атанғанын айтуға болады. Олардың ішінде аудандық олипиададан-48 оқушы, қалалық олимпиададан-99 оқушы, республикалық және халықаралық байқаулардан -15 оқушы қатысып, жүлделі орындар иеленді. Сонымен қатар мектепте 2022-2023 оқу жылының желтоқсан айында PISA (Халықаралық оқушы қабілетін бағалау бағдарламасы) халықаралық тестілеуі, қаңтар айында директорлық срез, сәуір айында мектеп аттестаттау алды тесті, мамыр айында МОДО тестілеуі өткізілді. Мұғалімдер арасында А.А.Нурекенова, Ш.А.Жумагулова, К.К.Капатаева, Г.Ш.Кожаханова, Г.Ж.Зейнуллиналардың авторлық бағдарламалары қалалық тәжірибелік таратуға, ал Г.А.Аяпбергенованың авторлық бағдарламасы республика көлемінде тәжірибелік таратуға ұсынылды. Сонымен қатар мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін және оқушылардың білім, білік дағдыларын көрсету мақсатында қаңтар айында «Заманауи сабақты дайындауға арналған мұғалімнің цифрлық құралдары» атты конференция, сәуір айында «Заманауи үлгідегі сабақтар арқылы оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру» атты тақырыпта қалалық семинар өткізілді. Мектебіміздің оқушылары тек өздерінің білімдерімен ғана емес, спорт саласында да биіктерден көрінді. Баскетбол, волейбол, футбол сынды командалық ойындарда жүлделі орындарға ие болды. Қыркүйек айында жаңа оқу жылы басталғалы да қуантарлық жетістіктеріміз де аз емес. Атап айтар болсақ бастауыш сынып мұғалімі А.Е.Аманжолова қалалық “Үздік автор бағдарлама” байқауына қатысып 1 орын иеленді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Л.Қасымғалиқызы республикалық “Шығармашыл педагог” байқауына қатысып 2 орын иеленіп “Жаңашыл педагог” номинациясын жеңімпазы атанды. Бастауыш сынып мұғалімі Б. Баймакашова “Алтын тұғыр” байқауынан 3 орын, А.Ховдашқызы “Педагогикалық идеялар” конкурсына қатысып 1 орынға ие болды. Бастауыш сынып мұғалімі Л.В.Бекибаева, П.Ж.Баймухамбетова қалалық “Шебер педагог- саналы ұрпаққа негіз болмақ” тақырыбында тәжірибе тарату семинарында ашық сабақтар көрсетті. Пәндік олимпиадаға 11 мұғалім қатысып, Ғ.Шанбаева 3- орын, А.О.Ермаханова 2- орын иеленіп сертификаттар алды. 📚 Ұстаздарымыз бен оқушыларымыздың алар асуы, бағындырар белесі, жетер жетістігі әлі алда.