Тәлімгерлік

Биылғы оқу жылында мектебімізге 7 жас маман келді. Келген жас мамандарға педагог-зерттеуші, педагог-шебер ұстаздардан тәлімгерлер тағайындалды. Тәлімгерлер өз жұмыстарын жас мамандарға еңбек тәртібі, сабақ барысында өзін-өзі ұстау мәдениеті және педагогикалық ортамен тығыз байланыс орнату мәелелері бойынша тәлім-тәрбие беруден бастады. Жұмыста пайдаланылатын нормативтік-құқықтық құжаттамамен жұмыс, сабақ жоспарларын жасау және іске асыру бойынша кеңес беріп, оқу сабақтарын ұйымдастыруға, диагностикалық жұмыстар жасауға және талдауға үйретті. Сонымен қатар, білім беру бағдарламасы бойынша оқыту формасы мен түрлерінің сабақ барысында қолданылуын қадағалау мақсатында сабақтарына қатсып, үнемі бағыт-бағдар беріп отырды. Жарты жылдық есеп беру барысында жас маманмен жұмыстың нәтижелеріне тоқтала отырып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарларымен бөлісті.