7 жасар Әбілмансұр Айтқожа есімді жолаушымыз келді

Бізге қонаққа жасы кіші болса да үлкен қала өмірінен хабардар, өз көзқарасы мен пікірі бар 7 жасар Әбілмансұр Айтқожа есімді жолаушымыз келді. Әбілмансұр Ғафу Қайырбеков атындағы мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы.

Әбілмансұрды қаладағы қоғамдық көлік жұмысы қызықтырады. Ол елорданың барлық бағдарлар қозғалыс сызбасымен таныс. Бұл қызығушылығы картадан қала көшелерін қарап танысумен басталған. Кейін бағдарлардың сызбасын көріп, автобустардың жұмысына қызығып, танысады. Тіпті, балақай қоғамдық көлікте өзін-өзі ұстау бойынша жадынама құрастырған.

Бұл атап өтуге тұрарлық. Жас астаналықтың талпынысын қолдап, оған қоғамдық көлік жұмысының ішкі бір бөлігімен – Диспетчерлік орталықпен таныстырдық. Қазір Әбілмансұр қоғамдық көлік жұмысы туралы жоба әзірлеп жатыр және болашақта технология маманы болғысы келеді. Оған сәттілік тілеп қояйық.