14.02.24 жылы Ғ. Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназия директорының орынбасарлары: Сейдахметова Т.С., Жумагулова Ш.А., Залетаева А.К. Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы республикалық «1000 мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған «Оқу процесінің сапасын бақылауды жүзеге асырудың тиімді жолдары» тәжірибелік семинарында өздерінің «Оқушы табыстылық кейсі» жобасын көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті. Бұл жобада 1-11 сыныптардың білімінде олқылықтары бар оқушылары қамтылған және олар туралы мәліметтер мен ерекешеліктерін көрсететін ақпараттар жинқталған. Қажеттілігіне қарай мәліметтер толықтырылып отырылады. Аталған жоба мотивациясы төмен оқушылармен жұмысты бақылаудың электрондық жүйесі болып табылады.