Мектебімізде 12.04.2024жылы "Ғылым күні" өтті. Ұстаздарымыз өскелең ұрпаққа ғылым мен білімді болудың қыр-сырын ашатын түрлі іс-шаралар өткізді. Жоғары сынып оқушылары ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор А.А.Анияровпен кездесіп, болашақ мамандықтарына қатысты толғандырып жүрген сұрақтарын қойса, бастауыш және орта буын оқушылары ғылымның сан- саласынан викторина, сайыс, ойындарға қатысып, білімдерін шыңдады.Өткізілген іс-шаралардың балалардың фкнкционалдық сауаттылықтарын дамытып, дүниетанымдарын кеңейтуде маңызы зор болды.