"Жас маман - болашақ иесі"

26.04.2024ж жас мамандар байқауының II кезеңі "Жас маман - болашақ иесі" атты командалық сайыспен жалғасын тапты. Сайысқа 1-5 жыл аралығында еңбек өтілі бар жас ұстаздарымыз 4 командаға бөлініп, өз шығармашылық өнерлерін,, "Жас маманның бір күні" атты сахналық қойылым, зияткерлік қабілеттерін көрсететін мақал-мәтелдер, нақыл сөздермен жарысып, ұстаз ретінде әр түрлі жағдаяттардан шығу жолдарымен бөлісті. Мектебіміздің педагог-шебер, педагог-зерттеуші мұғалімдері сайысқа төрелік етіп, жас мамандар мен командаларды түрлі номинацялар "Ең үздік сабақ", "Үздік сыныптан тыс іс-шара", "Үздік портфолио", "Үздік бейнефильм", "Үздік команда, "Шығармашыл команда", "Білімді команда", "Өнерлі команда" номинациялары бойынша марапаттады.Бас жүлдені бір ауыздан информатика пәні мұғалімі Абенова А.С. берді.Байқау соңында білім беру ұйымы басшысы жас мамандардың алдағы ұстаздық қызметтеріне табыстар мен жетістіктер тілейтінін білдірді..