15.05.2024жылы 2 мектеп-гимназиясында тәлімгерлік жұмысы қорытындыланды.2023-2024 оқу жылында мектебімізге 6 жас маман келді. 160 бұйрыққа сәйкес шебер, зерттеуші ұстаздардан тәлімгерлер тағайындалып, жоспарлы, жүйелі жұмыстар жүргізілді. Роза Хамутбаевна, Асима Еремкановна,Шолпан Нигметовна, Махарам Токтасыновна, Гулнұр Ондағановна, Салтанат Исаевна сияқты тәжірибелі педагогтер жас мамандарды ұстаздықтың қыр-сырларына баулыды.Жас тағылымдамашыларының оқу мен оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгергендерін атай келе, жас мамандарды педагог біліктілік санатына ұсынды.