05.06.2024 жылы мектептің аттестаттау комиссиясы мүшелері педагог-модератор біліктілік санатын алу мен растауға өтініш берген 22 педагогтың портфолиоларының сараптамалық-талдау нәтижесімен танысты. Мұғалімдеріміз өздерінің оқу мен оқытудағы жетістіктерімен таныстырып, аттестаттау комиссиясы алдында портфолиоларын қорғады.