Мектеп формасының үлгісі

Мектеп формасының үлгісі - классикалық, түсі - қара көк болуы тиіс. Ол күнделікті киетін, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.

Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде, көк галстук.Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет.

Қыздардың мектеп формасына: пиджак, жилет, ақ жейде, көк галстук, қара немесе көк туфли, тізеден төмен юбка (ұзындығы тізеден төмен 5-7 см төмен түсіп тұруы тиіс) немесе классикалық үлгіде шалбар. Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген, ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет.

Спорттық киімге: ұл мен қызға ортақ қара-көк түстегі спорттық костюм,ақ футболка және спорттық аяқ- киім қажет.