Бүгінгі күн біздің ұжым үшін тарихи күн! Мұғалімдер күні қарсаңында Білім басқармасының өкілі Асыл Аманкелдіқызы келіп, ұстаздарымызды «Ыбырай Алтынсарина» төсбелгісімен марапаттап, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі елеулі еңбектері үшін қуанышты тосын сый жасады. Осындай құрметке ие болған ұстаздарымызды атап айтар болсақ Қымбат Капатевна, Паризат Женисовна,Людмила Владимировна,Асима Еремкановна,Гульнар Шарипкановна сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Атаулы күнде ұстаздарымыздың еңбегін бағалап, қолдау көрсетіп отырған Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне және Білім басқармасын алғысымызды білдіреміз. Біз үшін бұндай жетістік алғашқы көрсеткіш емес. Биылғы жаңа оқу жылының басында Аманбай Ғазизович және 5 қазан күні Алма Абдуахитовналар да “Ыбырай Алтынсарин” төсбелгісімен марапатталады. Бұндай көрсеткіш біз үшін үлкен жетістік!
Құрметті ұстаздар, сіздерді лайықты марапатпен шын жүректен құттықтаймыз!