Ғафу Қайырбеков атындағы мектеп-гимназиясының директоры Нугуманов Сырым Ботаханұлы "Қамқоршылық кеңесі" алдында 2020-2021 оқу жылындағы 1-жартыжылдығының есебін берді. Мектеп-гимназия ұжымының оқу, тәрбие және ғылыми-әдістемелік жұмыстарына тоқталып өтті. Есеп беру барысында мектеп-гимназиясының бөлінген қаржылары да аталып өтті. Кездесу онлайн және оффлайн форматында бір мезгілде өткізілді.
