?Ғ.Қайырбеков атындағы #2 мектеп- гимназиясында 6 наурыз күні мектепішілік “Жас маман - 2021” байқауы өз мәресіне жетті. Байқауға қатысқан жас ұстаздар өз бақтарын сынады. “Біздің күшіміз – бірлікте» демекші соңғы интеллектуалдық байқауда сайыскерлеріміз бірігіп топтаса отырып өздерін тағы бір қырынан таныта білді. Атап айтар болсақ зеректігін, жан-жақты екендігін көрсетті.
Нәтижесінде Бас жүлдені қанжығасына байлаған мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі бағы мен бабы шауып Мөлдір Қанатқызы иеленді.
І орын Жакибаев Азамат
ІІ орын Богатырева Алина, Айханым Руслановна, Гулистам Жаксылыковна.
ІІІ орын Бостан Шынар, Шерахан Самал, Балжан Маратқызы.
Сайыскерлерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! Кәсіподақ ұйымының төрайымы Батырханова М.А. атынан сайыскерлерімізге сыйлықтар табысталды.