Ұлыстың ұлы күні - Наурыз!
№2 Ғ.Қайырбеков атындағы мектеп-гимназиясында «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз» атты мерекелік шара өткізілді. Шара барысында халық дәстүрлерінің көрмелері, қолөнер және қылқалам шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Думанды шарада түрлі ұлттық ойындардан жарыстар өткізілді. Қатысушылар қазақша күрес, арқан тарту, қол тірестіруден жарысқа түсіп, жүлделі орындар марапатталды. Мың бұрылған бишілер мен күміс көмей әншілер мереке ажарын аша түсті. Мектебіміздің директоры Сырым Ботаханұлы ұстаздарымызды Наурыз мерекесімен құттықтап, мұғалім атаулысының қай-қайсы да құрмет-қошеметке лайық деп лебізі мен ізгі тілегінін арнап, қоғамдық жұмысқа белсене араласқан ұстаздарымызға алғысын білдіріп марапаттады. Қыстан аман шығып, көктеммен қауышқан жұртшылыққа Қыдыр атамыз «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деген ақ батасын берді.