Қайырлы күн!
Құрметті әріптестер!
2021 жылдың 17-22 сәуір аралығында ер азаматтардың қатысуымен экологиялық тазалық күні жарияланды. Барлық белсенді әкелер мен ұлдарын осы жобаға қатысуға шақырамыз, оның мақсаты бізді қоршаған табиғатқа және өз қаламызға ұқыпты қарауды қалыптастыру болып табылады. Қаламыздың тазалығына, гүлденуіне бей-жай қарамайтын еріктілер өздерінің қызметін насихаттап экологиялық тазалық күні барысында өткізілетін жерден фотосуреттер немесе слайд-шоу жіберулеріңізді сұраймыз (балалар аула алаңдарын, мектептер, балабақшалар аумағын, тұрғын үйлердің жанындағы гүлзарларды тазалау және т.б.). Бейне және фотоматериалдар әлеуметтік желілерде және білім беру ұйымдарының сайттарында #ТазаWeekend хештегімен орналастырылады.
Жобаға қатысу Нұр-сұлтан қаласы Білім басқармасының бақылауына алынған және "Елорда әкелер кеңесі " жобасының мониторингінде көрсетіледі.