Әкелер мен балалардың қатысуымен сенбілік өтті
2021 жылдың ?24 сәуір күні № 2 Ғ.Қайырбеков атындағы мектеп-гимназиясында экологиялық тазалық күніне орай ? мектепішілік сенбілік өткізілді.
?Мақсаты: бізді қоршаған табиғатқа және өз қаламызға ұқыпты қарауды қалыптастыру.
Сенбілікте әкелер балалары белсене қатысты. Ағаштардың түптерін қопсытып, жерді тырмалап, мектеп айналасын тазалау жұмыстарын жүргізді. Бұндай шаралар балалардың жастайынан еңбекке араласып өсуіне жақсы ықпалын тигізеді.