№2 мектеп-гимназиясының 4 “Д" сынып оқушылары "Қай жерде болсақ та,кітаппен біргеміз” жобасы аясында зерттеу жұмысын жүргізді.
Жобаның мақсаты : кітап мәртебесін көтеру, түрлі байқауларға қатысу арқылы оқушыларды кітап оқуға тарту, кітапқа деген құштарлығын арттыру, көркем әдебиетті оқуға ынталандыру болып табылады.
Осы орайда оқушыларда “Басқа балаларды кітап оқуға қалай тарта аламыз?” деген үлкен өзекті сұрақ туындады. Сол сұрақты шешу мақсатында олар #2 балалар емханасының базасында оқырман бұрышын ұйымдастырды. Емханада аналар өз кезектерін күтіп тұрғанда уақыттарын бос өткізбей балаларына пайдалы кітаптарды оқып бере алады.
Осылайша, бұл жоба нәтижесінде ата-ана мен бала арасында байланыс болып отбасын біріктіруге көмектеседі және балалардың бос уақытында кітап оқуға дағдыланады.