Мерекелік шараға мектебіміздің ұлағатты ұстаздары және ардагер ұстаздарымыз қатысты. Мектеп директоры Сырым Ботаханұлы ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап сөз сөйледі.
Шәкірттер санасына білім сәулесін шашып, ғылымның шырағын жағып жүрген ұлағатты ұстаздарға ақ тілектер мен ыстық ықылас білдірген білім ордасының ұстаздары мерекелік концерт ұйымдастырып ерекше көңіл-күй сыйлады.
Білім мен ғылымға арнаған істеріңіз абыройлы болып, құрметтеріңіз әрдайым арта берсін!
Мерейлi мерекелерiңiз құтты болсын, құрметті Ұстаздар!