Жаңартылған білім бағдарламасының әдіс-тәсілдері

Қарашаның 4-жұлдызы күні #2 Ғ.Қайырбеков атындағы мектеп-гимназиясында “Жаңартылған білім бағадарламасының әдіс-тәсілдері” тақырыбында мектепішілік семинар өтті. Семинардың мақсаты : Жас мамандарға әріптестік қолдау көрсете отырып, жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде оқыту мен оқу тәжірибесіндегі жаңа тәсілдердің тиімді жақтарын көрсету.
Семинар барысында тәжірибелі ұстаздар өз сабақтарында қолданатын әдістердің ұтымды тұстарымен, қолдану жолдарымен бөлісті. Бірнеше сағатқа созылған семинар жоғары деңгейде өтті. Семинарға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.